қазақша · русский · english
 
 
 
10.12.2025

Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша есептері тыңдалды

2025 жылдың 8, 9 және 10 желтоқсан күндері Жаратылыстану және география факультеті, Химия кафедрасында магистратураның 1–2 курс білім алушыларының ғылыми-зерттеу жұмысы есептері тыңдалды. Тыңдалымға магистранттардың ғылыми жетекшілері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысып, олардың зерттеу бағыттары, орындалған ғылыми жұмыстары және қол жеткізген ғылыми нәтижелері талқыланды.

 

Тыңдалым барысында магистранттардың зерттеу тақырыптары бойынша жүргізген эксперименттік және теориялық жұмыстардың нәтижелері, ғылыми конференцияларда жасалған баяндамалары, әдеби шолудың мазмұны мен ғылыми негізі, зерттеу әдістерін таңдаудың дәлелділігі, сондай-ақ диссертациялық жұмыстың орындалу деңгейі қарастырылды. Сонымен қатар ғылыми көрсеткіштердің университеттің ақпараттық жүйесіне енгізілуі туралы да мәліметтер талқыланды.

 

Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша есептері олардың ғылыми дайындығын бағалауға, зерттеу сапасын талдауға және алдағы ғылыми жұмыстың мазмұны мен міндеттерін нақтылауға мүмкіндік берді.

 

  alt=  


  alt=  




Кері оралу