қазақша · русский · english
 
 
 
06.12.2025

Докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша есептері тыңдалды

 

2025 жылдың 5 желтоқсанында Жаратылыстану және география факультеті, Химия кафедрасында 1–3 курс докторанттарының ғылыми-зерттеу жұмысы есебі тыңдалды. Іс-шараға докторанттардың ғылыми жетекшілері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысып, олардың зерттеу бағыттары мен атқарған ғылыми нәтижелерін талқылады.


Тыңдалым барысында докторанттардың ККСОН журналдарында жарияланған мақалалары, халықаралық ғылыми конференцияларда ұсынылған баяндамалары, дербес ғылыми-зерттеу жұмысы аясында алынған нәтижелері, сондай-ақ докторлық диссертацияның орындалу барысы мен ғылыми жаңалығы қарастырылды. Сонымен қатар университеттің ақпараттық жүйесіне енгізілетін ғылыми көрсеткіштер де назарға алынды.

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есеп беру докторанттардың ғылыми әлеуетін бағалауға, зерттеу сапасын талдауға және олардың қол жеткізген нәтижелерін жүйелі түрде саралауға мүмкіндік берді.

 

  alt=  


  alt=  




Кері оралу