қазақша · русский · english
 
 
 
21.12.2025

Жапониядағы ғылыми тәжірибе: Химия докторанттарының халықаралық зерттеу тәжірибесі


Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жаратылыстану және география институтының 8D01510-Химия мамандығының 3 курс докторанттары, Есімханова Куттыкыз Қанышқызы мен Мұхамбетәлиева Зухра Шералықызы 2025 жылдың 10 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында Жапонияның Окаяма қаласындағы Окаяма университетінде ғылыми тәжірибеден өтіп, халықаралық тәжірибе жинақтады.


Олардың ғылыми жетекшісі – танымал профессор, Хироки Фуджи. Зерттеу тақырыптары – Тұрақты даму мақсаттарын химия пәнімен кіріктірудің әдістемесін әзірлеу және оның тиімділігін анықтау. Жас ғалымдар Жапониядағы жетекші университеттердің химия сабақтарына қатысып, жаңа педагогикалық тәсілдерді үйреніп, орта және жоғары сыныптардағы химия пәні бойынша білімдерін тереңдетті. Сонымен қатар, олар шетелдік ғалымдармен өткізілген семинарлар мен симпозиумдарға қатысып, өзара тәжірибе алмасты, әрі өз зерттеу тақырыптары бойынша халықаралық ғылыми пікірталастарға белсене араласты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу