
«Химия» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Химия» кафедрасы / Жаңалықтар
06.01.2026
Химия кафедрасының мәжілісі өтті 2026 жылдың 5 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Жаратылыстану және география факультетінде Химия кафедрасының кезекті мәжілісі өтті.
Кафедра мәжілісінде «Химия» мамандықтары бойынша білім алушылардың 2025-2026 оқу жылының қысқы сессиясының қорытындылары қарастырылды. Сессия нәтижелері бойынша студенттердің басым бөлігі пәндік бағдарламаларды толық меңгергенін көрсетті. Үлгерім деңгейі қанағаттанарлық және жақсы көрсеткіштермен сипатталды. Мәжіліс барысында профессор-оқытушылар құрамы қысқы сессияны өткізу барысында туындаған мәселелерді талқылап, білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыру мақсатында ұсыныстар берді. Кафедра мәжілісі аясында ұжымымыздың абыройын асқақтатып жүрген, білім беру саласына саналы ғұмырын арнаған, ұлағатты ұстаз, білікті педагог, аға оқытушы Нұрлан Тұрсымбекұлын 60 жас мерейтойымен құттықталды. Нұрлан Тұрсымбекұлы – ұстаздық жолда қажырлы еңбек етіп, жас ұрпаққа терең білім мен саналы тәрбие берген, өз ісіне адал, жоғары кәсіби шеберлігімен ерекшеленетін тұлға. Ол өз шәкірттерінің бойына біліммен қатар адамгершілік, еңбекқорлық, жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерді дарыта білді. Осыған орай, көпжылдық жемісті еңбегі, білім беру ісін дамытуға қосқан елеулі үлесі және жоғары педагогикалық жетістіктері үшін Нұрлан Тұрсымбекұлы «Үздік ұстаз» төсбелгісімен, қаржылай сыйақымен және кәсіподақ ұйымы тарапынан кәдесыймен марапатталды. Бұл марапат – ұстаздың кәсіби беделінің, ел алдындағы абыройының және шәкірттерінің шынайы алғысының айғағы.
Құрметті Нұрлан Тұрсымбекұлы! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, шығармашылық шабыт және алдағы уақытта да білім саласында табысты еңбек етіп, талай шәкірттің биік мақсаттарға жетуіне жол ашуыңызды тілейміз. Ұстаздық жолыңыз әрдайым құрмет пен ізгілікке толы болсын!
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|