қазақша · русский · english
 
 
 
24.01.2026

«Химиялық экология» пәнінен заманауи форматтағы дәріс өткізілді


2026 жылдың 23 қаңтарында 6В01510 – «Химия» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне «Химиялық экология» пәні бойынша «Химиялық экология пәнінің мақсаты мен міндеттері. Биосфера, ноосфера және қоршаған ортаның ластану түрлері» тақырыбында дәріс өткізілді.


Дәрісті 2-курс докторанты Ибашев Бекболат Өмірзақұлы өзінің диссертациялық зерттеу жұмысы аясында жүргізді. Дәрістің басты ерекшелігі – сабақ барысында TPACK (Technological Pedagogical Content Knowledge) моделі пән мазмұнына кіріктіріліп, заманауи педагогикалық әдістер мен цифрлық технологиялардың жүйелі қолданылуы болды. Пәндік білім, оқыту әдістемесі және технологиялық құралдар өзара ықпалдастырылып, сабақ ғылыми-зерттеуге негізделген жаңа форматта ұйымдастырылды.


Студенттердің ізденімпаздығын арттыру және дәстүрлі дәріс форматын жаңаша ұйымдастыру мақсатында сабақ «Төңкерілген класс» (Flipped Classroom) әдісі негізінде өткізілді. Пән оқытушысы, х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мукатаева Жазира Сағатбековна университеттің білім беру платформасындағы қашықтықтан оқытуға арналған дәріс бейнесабақтарын сабақ үдерісінде тиімді пайдалануға мүмкіндік жасады.


Студенттер бейнематериалдармен танысып, аудиториялық сабақ барысында талқылау, талдау және практикалық тапсырмалар орындау арқылы белсенді жұмыс жүргізді. Нәтижесінде, білім алушылар тек тыңдаушы емес, оқу үдерісінің белсенді қатысушысы ретінде көрінді.

 

Мұндай заманауи форматтағы дәріс студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, сыни ойлау қабілетін дамытуға және теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға зор мүмкіндік берді. Дәріс мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтті.


  alt=  


  alt=  




Кері оралу