
«Химия» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Химия» кафедрасы / Жаңалықтар
31.01.2026
«Химиялық экология» пәні бойынша «Қоршаған ортада химиялық ластағыштардың таралуы» тақырыбында дәріс өткізілді 2026 жылдың 30 қаңтарында 6В01510 – «Химия» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне «Химиялық экология» пәні бойынша «Қоршаған ортада химиялық ластағыштардың таралуы» тақырыбында дәріс өткізілді. Бұл сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің химиялық ластағыштардың қоршаған ортада таралу механизмдерін терең түсінуі, AQI деректерімен жұмыс істей алуы және химиялық үдерістерді визуалды карта түрінде бейнелей алуы болды. Сабақ мазмұны TPACK моделі негізінде құрылып, пәндік білім, оқыту әдістемесі және цифрлық технологиялар өзара кіріктірілді. Дәрісті 2-курс докторанты Ибашев Бекболат Өмірзақұлы өзінің диссертациялық зерттеу жұмысы аясында жүргізді. Дәріс «Төңкерілген оқыту» форматы негізінде ұйымдастырылып, білім алушылардың сабаққа алдын ала дайындалуына ерекше назар аударылды. Осы мақсатта пән оқытушысы, х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мукатаева Жазира Сағатбековна университеттің білім беру платформасындағы қашықтықтан оқытуға арналған бейнематериалдарды тиімді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етті. Сабақ барысында студенттердің қызығушылығын ояту мақсатында экраннан IQAir картасы көрсетіліп, Алматы, Теміртау және Өскемен қалаларының ауа сапасы салыстырылып, «Неге бұл қалаларда AQI жоғары?» деген проблемалық сұрақ төңірегінде талқылау жүргізілді. Сонымен қатар, аталған қалаларға қатысты қысқа бейнефрагменттер көрсетіліп, Алматыдағы смог пен Теміртаудағы металлургиялық ластану мысалдары арқылы экологиялық мәселе нақты жағдаймен байланыстырылды. Химиялық түсіндіру барысында күкірт диоксидінің сумен әрекеттесуінен қышқыл жаңбырдың түзілуі, азот оксидтерінің күн сәулесі әсерінен смог түзуі және ауыр металдардың биожинақталу құбылысы сызбанұсқа арқылы көрсетіліп, IQAir картасындағы деректермен байланыстырылды. Сабақты қорытындылау мақсатында «Ластағыштың жол картасы» ұсынылып, бұл визуалды модель дәрісті жүргізген оқытушы тарапынан дайындалып ұсынылды. Студенттер сызба негізінде ластағыштардың қоршаған ортада қалай қозғалып, экожүйеге және адам денсаулығына қалай әсер ететінін талқылап, өз білімдерін жинақтады. Сабақ соңында әр топ өз жұмыстарын қорғап, ластағыштардың таралуын қай кезеңде тоқтатуға болатыны жөнінде пікір алмасты. Нәтижесінде, студенттер AQI көрсеткіштерін талдап, химиялық ластағыштардың толық таралу жолын түсінді және химия ғылымын экологиялық мәселелермен байланыстыра білді.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|