
«Химия» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Химия» кафедрасы / Жаңалықтар
13.02.2026
«Химиялық экология» пәні бойынша «Ақаба сулар және оны тазалау химиясы» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді
2026 жылғы 13 ақпанда 6В01510 – «Химия» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне «Химиялық экология» пәні бойынша «Ақаба сулар және оны тазалау химиясы» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді. Дәрісті 2-курс докторанты Ибашев Бекболат Өмірзақұлы жүргізді. Сабақтың мақсаты – ақаба сулардың химиялық құрамын, олардың қоршаған ортаға әсерін және заманауи тазарту технологияларының ғылыми негіздерін жүйелі түрде талдау болды. Дәріс барысында өндірістік және тұрмыстық ағын сулардағы негізгі ластаушы заттар, олардың химиялық қасиеттері мен экологиялық тәуекелдері қарастырылды.
Оқу үдерісі TPACK (Technological Pedagogical Content Knowledge) моделі негізінде ұйымдастырылып, пәндік білім мазмұны цифрлық технологиялармен және тиімді педагогикалық әдістермен ықпалдастырылды. Интерактивті тапсырмалар, талқылау элементтері мен проблемалық сұрақтар студенттердің сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталды. Сонымен қатар пән оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мукатаева Жазира Сағатбековна университеттің білім беру платформасындағы бейнедәрістерді оқу процесіне кіріктіру арқылы сабақтың мазмұндық және әдістемелік сапасын арттыруға ықпал етті.
Аталған дәріс болашақ химия мамандарының кәсіби даярлығын жетілдіруге, экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға және заманауи экологиялық мәселелерді ғылыми тұрғыдан талдай алу қабілетін дамытуға бағытталды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|