қазақша · русский · english
 
 
 
02.11.2018

X Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институты химия кафедрасының оқытушылары 2018 жылдың 25-26 қазанында өткен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының X Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып келді.


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қазақстанның орта білім беру жүйесіндегі өзгерістерді жүзеге асырушы мекеме болып табылады. 2008 жылдан бастап Қазақстанның білім беру жүйесіне таралып келе жатқан инновациялық білім беру бағдарламаларын, бағалау жүйесі мен мұғалімдерді даярлауға арналған білім беру ресурстарын жасақтап келеді.

 

Конференцияда Жаратылыстану және география институтының профессор-оқытушыларының еңбектері көрмеге қойылды.

 

   

 

   

 




Кері оралу