қазақша · русский · english
 
 
 
15.11.2018

Латын әліпбиімен ең алғашқы диктант жазылды


2018 жылдың 14 қарашасында республикада алғаш рет қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпби бойынша диктант жазу шарасы ұйымдастырылды.


Бүкіл қазақстандық диктантты өткізудің негізгі мақсаты - латын әліпбиін меңгерудің практикалық дағдыларын қалыптастыру және кеңінен насиxаттау. Диктант тақырыбы - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізілді. Елбасының жолдауындағы латын әрпі туралы мәтін радио арқылы оқылды. 90 сөзден тұратын жазба жұмысын орындауға жарты сағат уақыт кетті.

 

Бұл шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары да қатысып,жаппай диктант жазды. Осы аталмыш акцияны Жаратылыстану және география институты, химия кафедрасының оқытушылары да қолдады, латын әліпбиін меңгерудегі өздерінің біліктерін сынға салды.

 

   

 




Кері оралу