қазақша · русский · english
 
 
 
30.05.2019

«Тарихқа тағзым - өнегелі іс»
дөңгелек үстел

 

2019 жылдың 29 мамырында Жаратылыстану және география институты, химия кафедрасында «5В011200-Химия» мамандығының 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен 31 мамыр - ашаршылық пен саяси қуғын -сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихқа тағзым - өнегелі іс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Тәрбие жетекшілері: қауым. профессор Жазира Мұқатаева және оқытушы Балкенже Жолдасбек.


Дөңгелек үстелге химия кафедрасының профессор-оқытушылары мен 1-3 курс студенттері қатысты. Іс-шарада халқымыздың басынан кешкен ашаршылық кезеңі мен саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялылары туралы баяндама тыңдалды. Қуғын-сүргін кезеңі туралы деректі бейнежазба көрсетілді және көрініс қойылды.


Дөңгелек үстел барысында саяси қуғын-сүргін мәселелері, ашаршылық, қазақтың бетке ұстар тұлғаларының қуғындалуы туралы профессорлар Жеңіс Шоқыбаев, Несіпхан Бектенов, Жазира Мұқатаева ой қозғады. Дөңгелек үстелдің студенттерге берер мағлұматы мол болды.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу