«Химия» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Химия» кафедрасы / Жаңалықтар
25.11.2019
Студенттер мен магистранттардың 74-ші ғылыми конференциясы
2019 жылдың 22 қарашасында Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасында студенттер мен магистранттардың 74-ші ғылыми конференциясы өтті.
Конференцияны кафедра меңгерушісі Жазира Мұқатаева құттықтау сөзімен ашып, білім алушыларға сәттіліктер тіледі.
Конференция барысында студенттердің өзекті тақырыптары талқыланды, бірқатар ұсыныстар жасалды.
Конференция қорытындысы бойынша үздік баяндама жасаған студенттер мына төмендегі орындарды иеленді: Сағынбаева Құрбанай, 4 курс студенті 2-орын Сүндетқалиева Халида, 4 курс студенті Абдужапарова Аружан, 1 курс студенті 3-орын Қуанышбай Арайлым, 3 курс студенті Цепке Всеволод, 1 курс студенті Жасанбаева Ақнұр, 1 курс студенті
Конференция жеңімпаздарын Ғылым департаментінің мақтау қағазымен марапаттады. Өзекті және қызықты баяндамалар үшін конференция қатысушыларына бағалы сыйлықтар - университеттің логотипі бейнеленген қаламсап пен қойын дәптерлер берілді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|