қазақша · русский · english
   
18.12.2019

Тәуелсіздік тірегі-білімді ұрпақ

 

2019 жылдың 12 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің Шетелдік азаматтарға арналған және жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің оқытушысы Бейсенова Қалдыкүл жоспарға сәйкес БКО 1/1,2/1 эдвайзерлік топтарымен бірге Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тірегі-білімді ұрпақ» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

 

Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні туралы мәлімет беру, тыңдаушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, патриотизм сезімін қалыптастыру,тыңдаушыларды отанды сүюге тәрбиелеу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткізіп, еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін, көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігі мен бірлігін қамтамасыз етуде үлгілі елге айналдық. Бұл тұңғыш президент Елбасымыз Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.

 

К.Ш.Бейсенова еліміздегі білім саясатына тоқтала келіп, жас ұрпақты тәрбиелеудегі педагогтардың рөліне тоқталды.

 

Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз Қазақстан агенттігінің мәліметі бойынша рейтингте үш жетістіктерге басты назар аударылады: студенттердің үлгерімі, сарапшылардың бағасы және түлектерге жұмыс берген мекемелердің бағалауы. Солардың бірі біздің Абай атындағы ҚазҰПУ сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеп отырған өз университетімізді мақтан тұтамыз деп айтып өтті.

 

   

 

   




Кері оралу