қазақша · русский · english
   
30.01.2020

Президент Қ.Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласы талқыланды

 

2020 жылдың 28 қаңтары күні Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық (Foundation) факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер ұлы ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай баспасөз беттерінде жарық көрген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласын талқылады. Факультет деканы Г.З.Таубаева ұлы ойшыл, ағартушы, философ, ақын, қазақ әдебиетінің негізін салушы Абай шығармалары, олардың ерекшелігі туралы сөз қозғап, Абай Құнанбайұлының мерейтойы аясында өткізіліп жатқан және алдағы уақытта өткізілетін іс-шаралар жоспарымен факультеттің профессор-оқытушылар құрамын таныстырып өтті.

 

Ұлы Абай шығармаларының ілгері басудың негізі білім мен ғылымда екенін айта келе, кафедра меңгерушісі С.Б.Бегалиева оқытушыларды «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңымен таныстыра отырып, бұл - сапалы білім беру ісін жетілдіруге арналған қадам екенін айтып өтті.

 

Келесі кезекте сөз алған доцент Н.Минаева «Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» мақсаттары мен міндеттері жайлы, ал профессор Б.С.Балгазина «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2020-2025 жылдарға арналған интернацинализациялау стратегиясымен» таныстырды.

 

   

 

   




Кері оралу