қазақша · русский · english
   
13.04.2020

Кафедра отырысы онлайн-форматта өтті

 

Қашықтан оқыту әдісіне көшуге байланысты 2020 жылдың 10 сәуірінде шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің (Foundation) шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы жоспарда көрсетілген кезекті кафедра отырысын онлайн-форматта (ZOOM) өткізді. Кафедра отырысына профессор-оқытушылардың барлығы және факультет деканы Г.З.Таубаева қатысты.

Келесі мәселелер талқыланды:
1. Көктемгі сессияға дайындық туралы. Шетелдік студенттерді онлайн оқыту. ПОҚ-ң есебі .
2. «Абай және Пушкин - мәдениеттер үндестігі» халықаралық дөңгелек үстелін онлайн-режимде өткізу туралы.
3. Бітіруші түлектердің жұмыстарын алдын ала қорғау қорытындылары.
4. Шетелдік студенттерді оқытудың коммуникациялық технологиялары мен инновацияларын енгізу және жетілдіру туралы.
5. Шетел азаматтарына TORFL тестілеуді ұйымдастыру және өткізу.
6. «Абитурент -2020» кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша дөңгелек үстелін онлайн-режимде өткізуге дайындық.
7. Әр түрлі мәселелер.

 

   

 

   




Кері оралу