15.04.2020
Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде
2020 жылдың 14 сәуірінде Ғылым декадасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің (Foundation) шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай жас ғалымдарға арналған «Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде» XI Халықаралық онлайн-конференциясын өткізді.
Конференцияны Ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиев ашты. Өз сөзінде, бүкіл қазақстандық қоғамның рухани дамуына және әлемдік мәдениеттіне баға жетпес үлесін қосқан, рухани мұраның басты құндылығы мен дүниетанымының шыңы болып табылатын адам ол Хакім Абай сияқты тұлғаның маңыздылығын атап өтті.
Конференцияның басты мақсаты - инновациялық идеялармен, технологиялармен алмасу және талқылау үшін халықаралық ғылыми диалог платформасын құру, сонымен қатар, Абайтану, Педагогика және ұлттық тәрбие, әлеуметтік-гуманитарлық және техникалық ғылымдар саласында тәжірибе алмасу.
Конференция еліміздің көптеген университеттерін біріктірді: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Халықаралық бизнес университеті,С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, сондай-ақ жақын және алыс шетел университеттері де бас қосты: Ресей Халықтар Достығы университеті (Мәскеу, Ресей), Ханой ұлттық педагогикалық университеті (Ханой, Вьетнам). Жоғарыда аталған университеттермен ынтымақтастықта шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы қазіргі заманғы ғылымға, өзара байланыс пен ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосты, ал ұйымдастырушылар мен қатысушылар кездесу барысында айтылған ұсыныстар іс жүзінде табысты жүзеге асырылады деп санайды.
Ханой ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.д. Чан Динь Лам өз сөзінде 2013 жылы ашылған Абай орталығының, біздің университеттер мен елдеріміздің игілігі үшін өз жұмысын жалғастыруына тілегін білдірді. Профессор Абай орталығы мәдениетпен, білім беру бағдарламаларымен және халықаралық ғылыми жобалармен алмасу үшін, сондай-ақ академиялық ұтқырлық және екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы қос дипломды білім беру саласындағы екіжақты байланыстарды дамытуда қажет екенін атап өтті.
Филология ғылымдарының докторы, РУДН (Мәскеу) орыс тілі және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының профессоры, фил.ғ.д. Бахтикиреева У.М. Қазақстанның филология ғылымы мен жалпы қазақстандық білім беру саласында біздің қарым-қатынасымызды және ынтымақтастығымызды дамытуға ерекше ықыласын білдірді.
Конференцияда профессор-оқытушылар құрамының, ОҚМПУ педагогика кафедрасының (Шымкент қ.) PhD докторы Оралбекова А. К.; Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті орыс тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры фил.ғ.д., Оңалбаева А. Т., біздің кафедрамыздың доценті Нурахунова Г. М. және т. б. баяндамалары тыңдалды.
Шетел азаматтарына арналған филология мамандықтары кафедра меңгерушісі С.Б.Бегалиева мен факультет деканы Г.З.Таубаева тарапынан мазмұнды презентациялар мен баяндамаларды дайындаған студенттер, магистранттар және докторанттар жоғары бағаланды.
4 курс студенті Пак Джонын (Корея) Корей тілімен салыстырғанда «Адамның физиологиялық жағдайы» тақырыбында баяндама жасап, орыс тілінің тұрақты сөздерін атап өтті. 1 курс магистранты Хориминисон Зо Нирина (Р. Мадагаскар) Германиядағы іскерлік этикеттің ерекшеліктері туралы баяндаса, 1 курс докторанты Ли Дуо (ҚХР), шетел студенттерінің орыс тілін үйрену барысында қолданатын бейнематериалдарын ұсынды.
Онлайн-конференцияның жұмысы келесі секциялық отырыстарда жалғастырылды: «Абайтану», «Педагогика және ұлттық тәрбие», «Филология ғылымдары», «Жаратылыстану-ғылыми пәндер», «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар», сонымен қатар, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары.
Сонымен қатар, кафедра 2020 жылдың 23 сәуірінде «Абай және Пушкин: мәдениеттердің үндестігі» тақырыбында онлайн форматта Халықаралық дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр, оған МПГУ, РУДН (Мәскеу, Ресей), БГУ (Баку, Әзірбайжан), Ханой ұлттық педагогикалық университеті сияқты университеттер қатысады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|