15.05.2020
Шетел азаматтарын Абай атындағы ҚазҰПУ-да оқытудың болашағы
Кездесуге шетелдік фирмалардың өкілдері, шетелдік тілдік топ курсы мен ТОРФЛ тыңдаушылары, бітіруші 4 курс студенттері, магистранттар мен докторанттар шақырылды.
Кафедра меңгерушісі Сәуле Бегалиева 27 жыл бойы кафедраның профессор-оқытушылар ұжымының Оңтүстік Кореядан, Қытайдан, Түркиядан, Мадагаскардан, Тәжікстаннан, Филипиннен, Вьетнамнан, Нигериядан, Конгодан, Бангладештен және өзге де елдерден келген өкілдерді қазақ және орыс тілдерінде білім беріп келе жатқандығын айтты.
Кафедра оқытушылары Абай атындағы университетке түсу ережелерін түсіндіріп, Қазақстан ЖОО-да тегін білім алу гранттарын жеңіп алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Кафедра түлектері Мин Мэй (ҚХР), докторант Яша (ҚХР) өздерінің Абай атындағы ҚазҰПУ-да білім алған кездерімен бөлісті, оқытушылармен бірге концерттік бағдарламаларды қалай даярлағандарын, сахналық қойылымдарға қатысқандарын, саяхатқа шыққандарын және спорт жарыстарында қалай жеңіске жеткендерін қызыға еске алды.
Кафедра студенттерінің қашықтан оқу тәжірибесі туралы видеоролик және шетелдік студенттердің атынан Қазақстан халықтары ынтымақтастығы күні мен 9 мамырға арналған онлайн-құттықтаулары көрсетілді.
Кездесу барысында шетелдік азаматтардың арасында кәсіби бағдар жұмысын өткізудің маңыздылығы, онлайн жағдайда аталмыш жұмысты өткізудің жаңа формаларын іздеудің қажеттілігі туралы пікір алмасулар болды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|