қазақша · русский · english
   
08.10.2020

Жаңа жолмен білім алуды үйренеміз


Білім берудің электронды форматына жедел көшуге байланысты біздің университет қысқа уақыт ішінде виртуалды білім беру ортасын құра алды және қашықтықтан оқыту ресурстарын құруға, жинақтауға және тиімді пайдалануға оқытушыларды тартудың жалпы стратегиясын әзірледі. Абай атындағы ҚазҰПУ басшылығының қолдауымен «Цифрлық педагог-2020» online жазғы мектебі ұйымдастырылып, оның аясында оқытушылар оқытудың әртүрлі инновациялық платформаларын (DownSub, Advego, Dandelion, Алот, CoreApp, Zoom, GoogleMeet, OBS-Studio, Edpazzle, QuizLET, Quizizz, Kahoot, Socrative) игерді. Қашықтықтан оқыту форматы шетелдік студенттермен жұмыс жасауда да ерекше өзектілікке ие. Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының оқытушылар құрамы қашықтықтан оқыту курстарын дайындауда айтарлықтай жұмыс атқарды. Атап айтар болсақ, шетелдік студенттерге электронды оқыту жүйесі арқылы барлық оқу материалдары (дәріс конспектілері, презентациялар), тапсырмалар (тесттер, жазбаша тапсырмалар, ұжымдық талқылаулар) ұсыныла отырып қашықтықтан оқыту мүмкіндігі жүзеге асырылды. Тәжірибеде байқалғандай, ОТШР сабақтарында мультимедия әдістерін қолдану, бір бағдарлама аясында көрнекіліктің барлық түрлерін пайдалануға, яғни мәтіндерді, дыбыстық сүйемелдеуді және бейне суретті синтездеуге мүмкіндік берді. Қытай, Корея, Мадагаскар, Филиппин, Венесуэла, Түркмениядан келген студенттер online оқыту үдерісіне белсенді түрде қатысып, жаңа платформалар мен технологияларды сәтті игеруде. Компьютерді пайдалану бірқатар дидактикалық мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді: олар оқу үдерісін қарқындату, оны оңтайландыру, студенттердің танымдық белсенділігін арттыру, оқу жұмысына деген қызығушылықты ояту, олардың білім деңгейін арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру жұмысында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу болып табылады.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу