қазақша · русский · english
   
14.12.2020

«Тәуелсіздік- тірегім, Қазақстан-жүрегім!»

 

2020 жылдың 14 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің 2020/2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ЖОО-ға дейінгі дайындық бөлімі тыңдаушыларының арасында «Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан-жүрегім!» тақырыбында шығармашылық эссе байқауы өткізілді.

 

Байқауға 21 тыңдаушы қатысып, «Тәуелсіздік - қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі, ата-баба аңсаған азаттықтың жемісі» екенін тереңнен толғап жазған. Шығармашылық эссенің қорытындысы 2020 жылдың 11 желтоқсан күні анықталды.

 

Байқау қорытындысы бойынша үздік шығарма авторлары марапатталды. «Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан - жүрегім» атты шығармашылық эссе байқауының І дәрежелі дипломын Сайлыбай Жантұрсын, ІІ дәрежелі дипломын Аружан Жылқыбай мен Аружан Кенжебек, ал ІІІ дәрежелі дипломын Мергенбай Аяулым мен Өмірзақұлы Ақжол иеленді.

 

   

 

   




Кері оралу