қазақша · русский · english
   
12.01.2021

Тыңдаушылармен кезекті онлайн-кездесу


2021 жылы 9 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетіне қарасты дайындық бөлімінің профессор-оқытушылар құрамымен және тыңдаушыларымен ZOOM платформасында кезекті онлайн-кездесу өткізілді.


Онлайн-жиналыс барысында факультет оқу ісі жөніндегі деканның орынбасары, аға оқытушы С.М.Джунусова университет ректорының өкіміне сәйкес 2020/2021 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы екі ағымдық бақылаудың қорытынды негізінде өтілетіні туралы айтылды.


Сонымен қатар ҚР БжҒМ 28.12.20 № 548 «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес дайындық бөлімінің тыңдаушылары ағымдығы жылдың екінші семестрде оқыту үрдісі қашықтан оқыту форматында жалғастыратыны жөнінде таныстырып өтті. Кездесу соңында тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға жауаптар берілді.

 

   

 

   


 




Кері оралу