қазақша · русский · english
   
05.02.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ-ға шақырамыз!

(шетел азаматтарымен кәсіптік бағдар бойынша кездесу)

 

2021 жылы 3 ақпанда шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы Абай атындағы ҚазҰПУ-ға шетелдерден талапкерлерді оқуға тарту мақсатында онлайн-кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында 4 курс студенті Фу Цзелин (ҚХР), 2 курс магистранты Хариминосон зо Нирина (Мадагаскар) және докторант Ли Дуо (ҚХР) сабақтардың жақсы деңгейде өтетінін, университетте онлайн режимінде қызықты іс-шаралар өткізілетінін айтты. Кафедра меңгерушісі С.Б. Бегалиева, оқытушылар Б. С. Балғазина, Т. Т. Айтқазина, Л. К. Мамытбекова, И. Е. Есіркепова өз сөздерінде тілдерді білу қажеттілігін атап өтті, қатысушыларды «Қазақ тілі шет тілі ретінде», «Орыс тілі шет тілі ретінде» мамандықтары бойынша оқуға қабылдау ережелерімен таныстырды.

 

       

 

       

 

   




Кері оралу