қазақша · русский · english
   
18.02.2021

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар

кафедрасының «Ашық есік күні»

 

2021 жылы 17 ақпанда филологиялық мамандықтар кафедрасы шетел азаматтарына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында Ашық есік күнін өткізді.

Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығының өкілі, Ханой кәсіпкерлік және технологиялар университетінің профессоры Чан Динь Лам (Вьетнам) кездесудің құрметті қонақтары болды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры А.Т. Құлсариева шараға қатысушылар мен қонақтарға құттықтау сөзін сөйледі.

 

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі С. Б. Бегалиева шетел азаматтарына қазақ және орыс тілдерін оқыту үдерісінің қалай ұйымдастырылғандығы, студенттер мен тілдік курс тыңдаушыларының университет пен факультеттің түрлі іс-шараларына белсенді ат салысатындығы туралы айтып берді.

 

Кафедра оқытушылары Г.М.Нурахунова, Б.С.Балгазина, Л.К.Мамытбекова, И.Е.Есиркепова «Қазақ тілі шет тілі ретінде» , «Орыс тілі шет тілі ретінде» (бакалавриат, магистратура, докторантура) мамандықтары бойынша және тілдік курстар (ЯГИС, TORFL) бағдарламаларымен таныстырды, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ-ға шетел азаматтарының оқуға түсу ережелері туралы толық ақпарат берді.

 

Іс-шараға халықаралық ынтымақтастық департаменті мен кәсіптік бағдарлау жұмысы және білім алушыларды қабылдау орталығының қызметкерлері қатысып, шетелдік студенттер мен талапкерлердің сұрақтарына жауап берді.

 

Ашық есік күні аясында түрлі жастағы түлектермен дәстүрлі кездесу өтті. Университет пен шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының оқытушыларына Фан Динь Хоанг (Вьетнам), Фам Ле Нгок Ан (Канада), Хусайнов Сидик (Тәжікстан), Пак Соли және Ким Сонгджи (Оңтүстік Корея), Онгтангко Кристиан, Онгтангко Алели (Филиппин) және Си Синь Чжу (Қытай) атынан шынайы алғыс сөздер айтылды.

 

2 курс докторанты Ли Дуо (Қытай), 2 курс магистранты Хариминосон Зо Нирина Миаринтсоа (Мадагаскар) және 2 курс студенті Чен Давэй (Қытай) оқуға байланысты өз әсерлерімен бөлісті. Кафедра студенттері дайындаған «біздің жұмыс күндеріміз және мерекелеріміз» бейнеролигі көрсетілді.

 

Іс-шараға № 65 ЖОМ (Алматы қ.), «Жаңа мектеп» УО (Алматы қ.), Қарғалы мамандандырылған № 2 гимназия (Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы к.) шақырылды.

 

Шетел азаматтарына арналған филология мамандықтары кафедрасының «Ашық есік күні» мейірімділік пен өзара сыластыққа толы әсермен, жемісті өтті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу