қазақша · русский · english
   
05.03.2021

«Қыз өссе - елдің көркі..» онлайн-сұхбат

 

2021 жылдың 3 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің дайындық бөлімінің тыңдаушыларымен ZOOM платформасында Қоғам және мемлекет қайраткері, экс-депутат, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасы көптеген медальдарының иегері, тіл жанашыры, оқу ісінің үздігі Оразкүл Асанғазықызымен «Қыз өссе - елдің көркі ...» тақырыбында онлайн-сұхбат кездесу өтті.

 

Онлайн-сұхбат кездесу аясында Оразгүл Асанғазықызы өзекті мәселелерге тоқталып, өз ойымен бөлісті. Қыз бала тәрбиесіне халқымыз ерекше мән беретінін, қыз ұятына қорған бола білу ғана емес, бір рулы елдің абыройын ойлау керектігіне баса назар аударды. Бүгінгі таңда салт-дәстүрімізге сызат түсірмеу керектігіне, ұлттық құндылықтарымызды көзіміздің қарашығындай сақтау тікелей міндетіміз екеніне тоқталды. Дайындық бөлімінің тыңдаушылары (қыздары) көкейтесті сауалдарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Кеште тыңдаушылар 8 наурыз аналар мерекесімен құттықтап, кеш қонағына өз арнауларын тарту етті.

 

Кеш соңында тыңдаушылар Оразкүл Асанғазықызына өздерінің «Арнау» өлеңдерін тарту етті. Факультет деканы Ғалия Таубаева кеш қонағына алғысын білдіріп, сый - сияпатымен, құрметпен қош айтысты.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу