қазақша · русский · english
   
08.04.2021

Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде

 

2021 жылы 7 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылым айы аясында шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде» XII Халықаралық онлайн-конференциясын және «Орыс тілі бізді біріктірді» телекөпірін ұйымдастырды.

 

Телекөпір мен конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Литва жоғары оқу орындары мен серіктес мектептердің өкілдері, сондай-ақ Қытай, Корея, Тәжікстан елдерінен факультетіміздің түлектері: Ресей халықтар достығы университеті, Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті, МПМУ-дағы Абай атындағы Қазақ-Ресей мәдениет және ғылым орталығы, «№11 Гимназия» МБОУ (Балашиха қ., Мәскеу обл.), Vytautas Magnus University, Ханой кәсіпкерлік және технологиялар университеті, «Жаңа мектеп» УО (Алматы қ.) қатысты.

 

Алғашқы сөз сөйлеген қонақтар: Ғылым департаментінің директоры Ұлжарқын Әбдіғаппарова; Ханой кәсіпкерлік және технологиялар университетінің орыс және корей тілдері кафедрасының профессоры Чан Динь Лам; РФ Бас консулдығының Алматы қаласындағы Консулы Татьяна Барышникова; МПМУ ректорының кеңесшісі Ирина Васильева; МПМУ Филология институтының директоры Елена Чернышева; МПГУ цифрлық білім беруді дамыту институты директорының орынбасары, Ресей-Қытай үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Алексей Юдин; заманауи дидактика кафедрасының доценті Светлана Власова, Балашиха қ., Мәскеу обл. №11 гимназиясының директоры Марина Панченко.

 

Пленарлық отырыста М. Әуезов атындағы ҚР ҒА «Қазақстан-Әзірбайжан әдебиетаралық байланыстары» Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Алимжан Хамраев; Абай атындағы ҚазҰПУ Психология және педагогика институтының профессоры Айман Берікханова; Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 1 курс магистранты Лу Даньян (баяндама тақырыбы «Концепт семья» в русских и китайских паремиях (лингвокультурологический аспект)»), Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 2 курс магистранты Абуталипова Балжан «Публицистика Казахстана как отражение процесса заимствования», «Әль-Фараби» атындағы ҚазҰУ-дың 3 курса докторанты Бакытгуль Джугембаева (баяндама тақырыбы «Онлайн-обучение - как новый формат образования в рамках модели "Университет 4.0"»), Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының 2 курс студенті Нұрлыайым Мұратқызы (баяндама тақырыбы «Преимущества и недостатки дистанционного обучения»); ҚҰҚПУ орыс тілі және әдебиеті кафедрасының 4 курс студенті Сандуғаш Анарбекова (баяндама тақырыбы «Проявление культурных функций гастичных единиц в национальном языке»); ҚҰҚПУ орыс тілі және әдебиеті кафедрасының 1 курс магистранты Бекболат Ферхан (баяндама тақырыбы «Проявление культурных функций гастичных единиц в национальном языке»).

 

Конференция жұмысы секцияларда жалғасып, үздік баяндамалар дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.

 

Іс-шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы ХҚжӘТУ, ҚазҰҚПУ, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері, магистранттары, докторанттары және т. б. қатысты.

 

Халықаралық телекөпір мен конференция жылы достық атмосферада өтті. Қатысушылар ұйымдастырушыларға қызықты жемісті кездесу үшін алғыстарын білдіріп, өзара тиімді ынтымақтастыққа үміт білдірді.

 

  

 

  

 

  

 

  

 

  

 

  

 




Кері оралу