26.04.2021
Тыңдаушылармен кезектен тыс онлайн-кездесу
2021 жылғы 22 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетіне қарасты дайындық бөлімінің профессор-оқытушылар құрамымен және тыңдаушыларымен ZOOM платформасында кезектен тыс онлайн-кездесу өткізілді.
Кездесу барысында факультет деканы Ғ.З. Таубаева,1-ші мәселе бойынша мемлекеттік білім грантын ұтып алуға талпынған үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсыра алатындығын, сонымен қатар ҰБТ 15-ші сәуірде басталып, 30-шы маусымға дейін жалғасатындығын айтты. Тіркелу онлайн режимде жүргізілетін, тестілеу пункітін, күнін, уақытын таңдау керектігін ескертіп өтті. Ағымдағы жылы 15 сәуірден бастап ҰБТ тапсырудың бірінші мүмкіндігіне, ал 1-ші мамырдан бастап екінші мүмкіндігіне ие бола алатындығын хабарлады.
2-ші мәселе, Алматы қаласы қызыл аймаққа кіргеніне байланысты, барлық оқытушылар короновирусқа қарсы вакцина салдыру қажеттілігін түсіндірді. 17 мамырдан бастап офлайн оқуға шақыра отырып, сақтық шараларын сақтау қажеттігі, сонымен қатар (70 тыңдаушыны) жатақхананың бір бөлмесіне тек 2 тыңдаушыдан орналастыратындығы және тыңдаушылардың тұрғылықты жерлерінен вакцина алдық деген анықтамаларының болуы керектігі жөнінде ескертті. Ең алдымен, ата-аналарымен ақылдасып алуын және вакцина алуға ешкімді мәжбүрлемейтіндігі жөнінде айтып өтті. Сәйкесінше, вакцина алмаған тыңдаушылар сабақтарын онлайн форматта жалғастыра беретіндігін ескертті. Вакцина жасамаған тыңдаушылардың өміріне жауапты бола алмайтынын айтып өтті.
3-ші мәселе, ақпан-сәуір айлары аралығындағы тыңдаушылардың тесттеріне мониторинг жасалынып, онда оқытушылар мен эдвайзерлердің үлкен еңбектерінің және тыңдаушылардың да алға қойған мақсаттарына деген талпыныстарының нәтижелері екендігін де баса айтып өтті. Тыңдаушылардың алдына қойған талпынысы барлығын және 5-6 тыңдаушы 1-2 тест тапсырмағандығын, сол тыңдаушылармен эдвайзерлер жұмыс жүргізу керектігін ескертті.Әр топтың эдвайзерлері осы мәселелерді бақылауға ала отырып, эдвайзерлік сағат өткізіп, есеп берулерін тапсырды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|