қазақша · русский · english
   
21.06.2021

Тыңдаушылармен онлайн-кездесу

 

2021 жылдың 18 маусымында Абай атындағы ҚазҰПУ Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетіне қарасты дайындық бөлімінің оқытушылары мен тыңдаушылары арасында ZOOM платформасымен онлайн-кездесу өтті.

 

Кездесу барысында факультет деканы Ғ.З. Таубаеваға тыңдаушылардың ҰБТ-ны қалай тапсырып жатқандығы жайлы нәтижелерін әр эдвайзер мәлімдеді және әр пән оқытушылары өз пәндері бойынша есеп берді.

 

Сонымен қатар, факультет деканы кәсіби бағдар беру жұмысына да ерекше мән берді. Биылғы 2021-2022 оку жылына бөлім оқытушыларына мемлекеттік білім грант иегері болу және ақылы негізде оқуға талапкерлерді тарту тапсырмасы жүктелді.

 

   




Кері оралу