қазақша · русский · english
   
13.12.2021

«Тұғыры биік Тәуелсіздік!» дөңгелек үстелі


2021 жылдың 10 желтоқсанында Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетіне қарасты ЖОО-ға дейінгі дайындық бөлімі тыңдаушыларының арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік!» тақырыбыгда іс-шара онлайн түрде болып өтті.


Ұйымдастырылып отырған кездесудің алғашқы кезеңінде ұлағатты ұстаз, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Абішева Рыскен тіл - Тәуелсіздігіміздің тірегі екенін айта келіп, ана тілімізге байланысты бүгінгі күні шешімін таппаған мәселелер мен оны шешудің жолдарына тоқталып, тыңдаушылардың берген сұрақтарына тереңнен толғап жауап берді.


Іс-шараның екінші кезеңінде 17 тыңдаушы қатысқан екі турдан тұратын конкурстың нәтижесі шығарылды.


Шығармашылық эссе байқауының қорытындысы бойынша Умиртай Аружан өзіндік көзқарас пен ой тереңдігін көрсете білгені үшін І дәрежелі дипломға, ІІ дәрежелі дипломға өзіндік тұжырым жасай білгені үшін Қали Назерке, ал ІІІ дәрежелі дипломмен шығармашылық шеберлік танытқаны үшін Чакаржан Айнұр ие болса, еліміздің тәуелсіздігіне жыр жолдарын арнаған 2 турда өлең жолдарын айшықты сөздермен көркемдей білгені үшін І дәрежелі дипломмен Азат Арна, ІІ дәрежелі диплом өз ойын терең жеткізе алғаны үшін Орынбасар Фатима, ал еркіндігімізді ерекше стильде жоғары пафоспен жырлағаны үшін Әди Рамазан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, іс-шараны өткізуге белсенділік танытқаны үшін Адал Таңнұр, Сапаралы Құралай, Тұрдыбай Бүлдіршін және Амангельді Айзат Алғыс хаттарға ие болды.


Кеш қонағы Тәуелсіздік -еліміздің баға жетпес байлығы екенін айта келіп, жас ұрпаққа тәрбиелік мәні бар іс-шара ұйымдастырушыларына алғысын білдірді .

 

   

 

   




Кері оралу