қазақша · русский · english
   
04.04.2022

«Ағылшын тілінің маңыздылығы» атты ашық сабақ өткізілді

 

2022 жылдың наурыз айының соңғы аптасында Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің информатика мен физика топшаларына ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Жанна Досанқызы «The importance of english language» (Ағылшын тілінің маңыздылығы) атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.

 

Сабаққа бөлім оқытушыларымен қатар Польшада білімін жетілдіріп жатқан Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушысы Мейірім Садықбек ханым мен Ұлыбританияда халықаралық сауда бағытында жүрген кәсіпкер Мистер Усман мырза қатысты.

 

Усман мырза өз сөзінде ағылшын тілінің жаһандық ғалам тілі, соңғы технологиялық тіл екендігін, оны оңай үйену үшін күнделікті жаңалықтар мен деректі фильмдерді көріп отыру қажеттігін, сонымен қатар тілді жетік білу үшін үнемі өзіңді дамытып отыру керектігін айта келіп, тіл үйренудің аса маңыздылығын атап өтті.

 

Ал, Мейірім ханым көп тіл білудің,әсіресе, ағылшын тілін білудің маңыздылығына тоқталды, оны үйрену жолындағы өзінің әдіс тәсілдерімен бөлісті.

 

Оқытушы сабақта ағылшын тілін меңгерудің тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана білді, ол тыңдаушылардың көп тіл білуге деген қызығушылығын тудырды.

 

   

 

   




Кері оралу