қазақша · русский · english
   
30.05.2022

БАОК «Абай әлем мәдениеті контекстінде» шетелде

 

2022 жылдың 16-25 мамыры аралығында ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру аясында коммерциялық емес акционерлік қоғам «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» оқытушылары мен қызметкерлері ғылыми топ мүшелерінің шетелге іссапарын «Абай әлемдік мәдениет контекстінде» жобасының зерттеу тобы мүшелерінің Гази университетіне (Анкара, Түркия) шетелдік іссапары өтті. Жұмыс тобының құрамында бас ғылыми қызметкер, профессор Бегалиева С.Б., жетекші ғылыми қызметкерлер - доцент Нурахунова Г.М., оқытушы Шмакова Е.С. «Абай әлемдік мәдениет контекстінде» тақырыбында дәрістер курсын ұсынды. «Абай әлем контекстінде» MOOC авторлық жобасы аясында мәдениет, дәрістер, практикалық жаттығулар, бақылау-өлшеу модульдерінің фрагменттері ұсынылып, сынақтан өткізілді. Гази университетінің қызметкерлері мен студенттері дәрістерге үлкен қызығушылықпен қатысып, сұрақтар қойып, пікірталасқа түсті. Ең белсенді қатысушыларға «Абай әлем мәдениеті контекстінде» курсын бітіргендігі туралы сертификаттар табыс етілді. Өз кезегінде түрік әріптестері де С.Б.Бегалиева мен Г.М.Нұрахуноваға сертификаттар және Е. С. Шмаковаға алғыс хаттар табыс еттілді.

 

Жоспарланған дөңгелек үстел өтті, оның барысында Гази университетінің оқу үдерісіне курсты енгізу перспективалары және Абай университеті мен Гази университеті арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды, «Қазақстан әлемдік білім беру жүйесінде», «Ынтымақтастық және инновациялар халықаралық ғылым мен оқыту саласында» тақырыбындағы баяндамалар көрсетілді.

 

Жұмыс сапары барысында зерттеу тобы Түркиядағы Абай Құнанбаевтың ескерткіштерін аралады. Анкарадағы Абай ескерткіші Абай даңғылындағы саябақта орналасқан. Ыстамбұлда, Зайтун Бурну ауданындағы Абай ескерткішінде қазақ текті әлемге әйгілі ғалым Абдувахоб Қарамен кездесу өтіп, зерттеушілерге авторлық курсты құруда сәттілік тіледі.

 

Ректор Дархан Біләлов жетекшілік ететін Абай атындағы ҚазҰПУ басшылығына және профессор Юджел Гелишли жетекшілік ететін Гази университетінің басшылығына ғылыми және білім беру перспективаларын қолдап, дамытып отырғаны үшін алғысымызды білдіреміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу