қазақша · русский · english
   
31.05.2017

 

Абай атындағы ҚазҰПУ профессорларының Іле педагогикалық университетіне (ҚХР)

қызмет бабындағы іссапары

 

   2017 жылдың 25 мен 27 мамыры аралығында Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық кафедрасы меңгерушісі, п.ғ.д., профессор С.Б. Бегалиева және профессор Т.Ж. Тоқтарова Іле педагогикалық университетінде қызмет бабымен іссапарда болды.

          Іссапар барысында С.Б. Бегалиева мен Т.Ж. Тоқтарова университет басшылығымен кездесіп алдағы екі университет арасындағы ынтымақтастық пен Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы студенттремен алмасу мәселелерін талқылады.
          26.05.2017 күні С.Б. Бегалиева мен Т.Ж. Тоқтарова Іле университетінде орналасқан Абай атындағы орталықтың жетекшісі Ж.Б. Бейсбекованың және «Аққайнар» білім беру сайтының есебін тыңдады. Мерекелік шарада Абайдың шығармалары қазақ, орыс және қытай тілдерінде оқылып, белсенді студенттер диплом мен сыйлықтармен марапатталды.
         Абай атындағы ҚазҰПУ шет ел студенттерін тарту мақсатында біздің профессорлар 2017-2018 оқу жылында Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша университетімізде білім алатын 2 курс (50 студент) студенттерімен кездесу ұйымдастырды.


 

 

 




Кері оралу