қазақша · русский · english
   
24.09.2017

 

ҚЫТАЙ СТУДЕНТТЕРІ АЛМАТЫДА

         Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде (Foundation) оқып жатқан  Чжэцзянь шет тілдер институтының (Чжэцзянь қ., ҚХР) 3 курс студенттері  оқудан тыс уақыттарында Алматы қаласының көрікті жерлерімен танысуда.

          Студенттер  Алматы қаласынның Тұңғыш Президент паркінде өтіп жатқан «Алма-Фест» фестивалінде болды.

 

 

 

         «Гәкку дауысы» концертінде  жас, бірақ бүкіл әлемге танымал  әнші Димаштың дауысына тамсана, қол соқты.

 

      Балуан Шолақ спорт сарайында Қытай - Австралия  волейбол матчында  студенттер өз елінің қытай командасына қолдау көрсетіп жанкүйер болды.

 

 

 

            Қытай студенттері Қазақстанның оңтүстік астанасының сұлулығын және жұмсақ ауа-райын, сондай-ақ Қазақстан халқының мейірімділігін, ашықтығын және қонақжайлылығын басып айтуда.

 

 

Ақпаратты

дайындаған проф. Б.С. Балгазина.

 




Кері оралу