қазақша · русский · english
   
13.11.2017

Қазақстанға қош келдіңіздер!


2017 жылдың 10 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде Алматыда жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің ҚХР Бас консулдығымен кездесуі өтті. Кездесу Алматы жоғары оқу орындарына білім алу үшін келген қытай студенттері мен тыңдаушылары  үшін арнайы ұйымдастырылды.
Кештің құрметті қонақтары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің деканы Палторе Ыхтияр, ҚазҰУ-дағы Конфуцзы институтының жетекшісі Асылбеков Р.У., ҚХР Бас консулының орынбасары Го Синьцяо, мәдениет және білім бойынша консул Ван Цинпин , Қауіпсіздік жұмысы жөніндегі консул Лу Юнган, вице консул Хуан Цзянь, Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы А. Искакова, Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің деканы
Г.З. Таубаева, Алматы жоғарғы оқу орындарының студенттері және оқытушылары. Қонақтар, студенттерді өмірлеріндегі жаңа кезеңнің басталуымен құттықтап, оларға білім жолында сәттілік, меңгеруге қиын тілдердің бірі болып табылатын орыс тілін меңгеруде жігер мен шыдамдылық тіледі.
Кездесу барысында, Алматы қаласының жоғары оқу орындарында оқитын қытай студенттер концерт ұйымдастырды.

  

 

  

 

 

Информацию подготовила координатор
по воспитательной работе Мамытбекова Л.К.




Кері оралу