қазақша · русский · english
   
19.12.2017

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шетелдік студенттерге арналған ашық эдвайзер сағаты

 

2017 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған шетелдік азаматтарға арналған және жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің (Foundation) шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дейінгі дайындық кафедрасы ашық эдвайзерлік сағатын өткізді.

 

Мерекелік іс-шараға Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары Акылжан Алмасов, Халықаралық ғылыми және мәдени бағдарламалар бөлімінің басшысы Айдар Абраимов, виза бөлімінің инспекторы Ануар Накисбеков, факультет деканы Галия Таубаева және кафедра оқытушылары мен шетелдік студенттер қатысты.

 

Ашық эдвайзер сағатында Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары Ақылжан Алмасов құттықтау сөз сөйледі. Кафедра оқытушыларынан Гунчам Нұрахунова, Индира Есіркепова, Толқын Тоқтарова және Назгүл Минаева шетел студенттеріне республикамыздың рәміздері, мерекенің тарихы - Тәуелсіздік күні туралы баяндап берді.

 

Мерекелік іс-шараның соңында кафедраның үздік студенттері өзіміздің университетіміздің студенттерінің қолынан шыққан Абай мүсіндерімен, кітаптармен, сондай-ақ ғылыми жұмыстарға арналған сертификат, грамоталармен марапатталды.

 

  

 

  

 

  

 

  

 

 

 




Кері оралу