қазақша · русский · english
   
14.03.2018

Қазақ баспасөзінің негізін қалаушы, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйіне саяхат

 

2018 жылдың 13 наурызы күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО-на дейінгі дайындық факультетінің (Foundation) тыңдаушыларымен бірге «Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушысы Қалдыгүл Таспулатова белгілі Алаш қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, оқу-ағарту ісінің білгір әдістемешісі, ағартушы-ұстаз, қазақ әліпбиінің реформаторы Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйіне саяхат жасап қайтты.


Мұндағы мақсат мұражайда сақталған қазақ халқына қалтқысыз қызмет еткен, Алаш арысы Ахмет Байтұрсыновтың өмірінің соңғы кезінде дәл осы баспанада тұрып, оны «халық жауы» атандырып, отбасымен қоса қуғынға ұшыратқан кезеңді көрсететін экспонаттар, құнды мағлұматтардың түпнұсқасы мен көшірмелері, фотосуреттер, тарихи мұралар мен жәдігерлермен таныстыра отырып, тыңдаушылардың бойында адалдық, адамгершілік, отаншылдық, патриоттық сезімдерін ояту.

 

Экскурсия барысында білім алушылар өздеріне көптеген тұлғалық танымдық мәліметтер алып, рухани өрістерін кеңейтіп қайтты.

 

  

 

  

 




Кері оралу