09.05.2018
Шарын шатқалы туралы шетелдік студенттер өз әсерлерімен бөліседі
2018 жылдың 7 мамырында шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының (Foundation) шетелдік дайындық топ тыңдаушылары және Чжэцзян шет тілдер институтының (ЮЕСЮ), Санья университетінің (Қытай) академиялық алмасу бағдарламасы бойынша оқитын 3 курс студенттері кафедраның аға оқытушысы Ләйлә Мамытбекованың жетекшілігімен Алматы облысындағы әйгілі және әсем табиғат көздерінің бірі Шарын шатқалында болды.
Шетелдік студенттер экскурсиядан алған әсерімен бөліседі:
Ли Цянь (Қытай): «Мен оқытушымызбен және достарыммен Шарын шатқалына саяхатқа шыққаныма өте қуаныштымын. Шатқал өте үлкен және әдемі. Толық игерілмегенімен болса да, табиғаттың сұлулығын сезінуге мүмкіндік береді! ».
Хусаинов Сидик (Тәжікстан): «Шарын шатқалы - бұл Американдық Үлкен каньоннан кейінгі көзтартар ерекше сұлулығымен екінші орында және бұл шындық. Мен бірнеше жануар немесе адам секілді тастар мен жартастарды көрдім. Ерекше табиғи ландшафт. Барлық осы әдемі көріністер «жаратушының жіберген сыйы».
Чан Ман Ки (Гонконг): «Алматы қаласының орталығынан алыстаған кезімде мен өмірімде алғаш рет шатқалды көрдім! Бұл үшін университетімізге алғыс айтамыз. Қазақстанның табиғаты ғажап! Алматыдағы гүлдер мен ағаштарды жақсы көремін, бірақ шатқал ғажап! Шатқалда жүргенімде, менде қаншалықты біз кішкентай адамдар екеніміз туралы сұрақ туындады. Бұл керемет күн болды.
Крис (Филиппин): « Біз Шарын шатқалын алғаш рет көрдік, бірақ батыста Шарын шатқалы танымал емес, белгісіз. Мүмкін бұл Алматы облысының ең көрікті жерлерінің бірі. Біз бұл жерге міндетті түрде саяхаттауды ұсынамыз, сіз сонда баруға, тамашалауға тиіссіз. Сондай-ақ, үйге оралғанда біз өте әдемі көлді көрдік, бұл сапардың көрікті бөліктерінің бірі болды ».
ШеньЦзе (Қытай):« Бұл ұмытылмас саяхат болды. Мен Қазақстанның табиғатын сезіндім. Мені шатқалдың табиғи ландшафты таң қалдырды. Бұл ерекше саяхат. Мен оны жүрегімде сақтаймын.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|