қазақша · русский · english
   
05.06.2018

Ата-аналарымен кездесу өтті

 

2018 жылдың 2 маусымында Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық (Foundation) факультеті Биология, химия, физика, информатика және тілдік дайындық деңгейі бойынша білім алып жатқан 104 тыңдаушылардың ата-аналарымен кездесу болып өтті.


Кездесуге Республикамыздың шалғай аудандарынан ата-аналардың 52 пайызы (50) келді. Ата-аналар жиналысына факультет деканы Ғалия Таубаева, декан орынбасары Салтанат Джунусова, әдіскерлер мен пән оқытушылары қатысты. Сөз алған факультет деканы Ғалия Таубаева Абай атындағы ҚазҰПУ-тің 90 жылдық мерей тойына орай университетте атқарылып жатқан игі шараларға тоқталып өтті. Оның ішінде 2017/2018 оқу жылына ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылдың 28 қыркүйектегі №488 бұйрығы бойынша мемлекеттік білім грантына иеленген 90 және 14 ақылы негіздегі білім алып жатқан тыңдаушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына барлық жағдай жасалынғандығы туралы баса айтты. Аталмыш факультеттегі оқу үдерісі университеттің Ғылыми кеңесінде (25.05.2017ж.) бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізілгендігі, типтік оқу жоспарында көрсетілген оқу пәндері бойынша тыңдаушылардың білім деңгейі тест жүйесінде апта сайын өткізілгендігі, оқу-әдістемелік құралдармен толық жабдықталғандығы т.б. туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, ата-аналарға қысқы және жазғы емтихан сессия қорытындысы туралы ақпарат берілді.

 

Факультет оқытушылары мен эдвайзерлер ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, сөз алған Салтанат Досымбекова пен Құрбан Сұңқардың аналары балаларының білім сапасының жоғарылауына, тәрбиелік мәні бар іс-шаралардың жүргізілуіне (дөңгелек үстелдер мен конкурстар, семинарлар мен кездесулер) факультет ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп, рахмет айтты.

 

         

 

         

 

         

 

         




Кері оралу