қазақша · русский · english
   
11.06.2018

Орыс тілі бойынша шетелдік азаматтарына арналған кешенді емтихан нәтижелері


2017-2018 оқу жылында шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында ҚХР, Корея Республикасы, Ауғанстан Ислам Республикасы, Ливан Республикасы және Тәжікстан Республикасы азаматтары орыс тілі бойынша дайындық курстарынан өтті.

 

Шетелдік студенттерге арналған қорытынды емтиханға «Орыс тілі», «Әдеби оқылым», «Елтану» пәндері кірді. Емтихан нәтижесінде, тыңдаушылар жергілікті тұрғындармен сөйлескен кезде күнделікті және кәсіби өмірде қарым- қатынаста коммуникативтік мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті білімдер мен дағдыларға ие екендігін көрсетті.

 

Шетел азаматтары аймақтық, ақпараттық және әлеуметтік сипаттағы мәтіндерден негізгі және қосымша ақпаратты оқып, түсініп, мазмұндай алады.

 

2018 жылдың 11 маусым күні Абай атындағы ҚазҰПУ-нің қорытынды емтиханнан сәтті өткен шетелдік студенттерге сертификаттарын табыстау рәсімі өтті. Тыңдаушылар атынан Бахари Раби және Ван Мяо кафедра оқытушылары алғыстарын білдірді.

 

         

 

         

 

Тыңдаушылар тобының жауапты тәлімгері Т.Т.Айтказина

 




Кері оралу