қазақша · русский · english
   
20.12.2018

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ашық эдвайзерлік сағаты

 

2018 жылдың 14 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасында аға оқытушы Ләйлә Мамытбекованың жетекшілігімен (кафедра меңгерушісі Сәуле Бегалиеваның мақұлдауымен) ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.


Іс-шараның мақсаты Отанға деген патриоттық және азаматтық борыш сезімін дамыту, болашаққа деген жауапкершілікті нығайту. Қатысушылардың тарихқа деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға арналған іс-шараны ұйымдастыруға 30-дан астам студенттер мен әр түрлі елден келген тыңдаушылар қатысты.


Аталмыш іс-шараға факультет деканы Ғалия Таубаева, оқу ісі жөніндегі деканның орынбасары Салтанат Джунусова, кафедра меңгерушісі Сәуле Бегалиева, тәрбие жұмысы жөніндегі жауапты Дәурен Амангелді, кафедраның оқытушылары мен барлық шетелдік студенттері қатысты.


Бұл күні студенттер Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі туралы, оның пайда болу тарихы туралы біліп қана қоймай, өз Отанында Тәуелсіздік күнін қалай атап өтетінін баяндады. Корея, Қытай, Филиппин, Ирландия, Венесуэла, Нигерия, Конго, Түрікменстан, Тәжікстан Республикасының студенттері өз елдеріндегі Тәуелсіздік күнін презентация түрінде көрсетіп өтті.


Өздерінің елін білдіретін әрбір «этникалық» топ Тәуелсіздік күні туралы мақтанышпен айтып берді. Студенттер мен тыңдаушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйледі.


Факультеттің және кафедраның басшылығы барлық қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттау туралы шешім қабылдады. Іс-шараның қонақтары мерекені ұйымдастыруға қатысқан студенттердің шығармашылығы мен шеберлігін жоғары бағалады.


Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара аяқталған соң студенттер мен оқытушылар ҚазҰПУ бас ғимаратының музейінде болды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу