қазақша · русский · english
   
05.02.2019

Шетел азаматтарын оқуға тарту бойынша Концепциясын және Жол картасы жобасын талқылау

 

2019 жылдың 4 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаевтың тапсырмасы бойынша Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінде Абай атындағы ҚазҰПУ-не шетел азаматтарын оқуға тарту мақсатында Жол картасы жобасы және кәсіптік бағдар беру концепциясы талқыланды.

 

Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетінің деканы Ғалия Таубаева мен шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі Сәуле Бегалиеваның ұйымдастыруымен институт директорларының ғылыми ісі жөніндегі орынбасарларымен: Математика, физика және информатика институтының директоры ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Заир Уалиевпен, Филология және көптілді білім беру институты директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Жаңагүл Саметовамен, Тарих және құқық институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұқтар Мұратхазинмен, Өнер, мәдениет және спорт институты директорының ғылыми істер және академиялық ұтқырлық жөніндегі орынбасары Наталья Михайловамен, Сарбонна-Қазақстан институтының оқытушысы Бекмухамед Қальменовпен және Шетелдік азаматтарға арналған филологиялық пәндер кафедрасы ұжымымен кездесу өткізілді.


Қатысушылар жоғарыда аталған жоба жайлы өздерінің пікірлерін ортаға салып, шетел азаматтарын оқуға қалай тарту керектігі жөніндегі өз тәжірибелерімен бөлісті. Институттарда Жол картасының жобасы мен кәсәптік бағдар беру Концепциясын талдау және нақты ұсыныстарын факультет деканы Ғалия Таубаева мен Шетелдік азаматтарға арналған филологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Сауле Бегалиеваға тапсырылсын деген шешім қабылданды.

 

   

 

  




Кері оралу