11.04.2019
«XXI ғасырдағы тіл және мәдениет» халықаралық онлайн-конференциясы
2019 жылдың 10 сәуірінде Ғылым онкүндігінің аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «XXI ғасырдағы тіл және мәдениет» халықаралық онлайн-конференциясы өтті.
Конференцияны Шетелдік азаматтарға және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation), Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы ұйымдастырды. Аталмыш конференция бірінші рет өткізіліп отыр.
Конференция жұмысына Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің (Ресей, Мәскеу), Ресей халықтары достастығы университетінің (Ресей, Мәскеу), «Мирас» университетінің (Қазақстан, Шымкент), А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің (Қазақстан, Қостанай), «Балашиха қалалақ округінің муниципальды бюджеттік жалпы білім беретін мекемесінің» «№ 11 Гимназия» (Ресей, Балашиха қ.о.) өкілдері қатысты.
Іс-шараны ғылыми жұмыстар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Айгүл Искакова ашты. Өз сөздерінде олар ғылыми конференцияларды өткізу халықаралық, өңір аралық ынтымақтастықтың дамуына, біліктілігі жоғары ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға және профессор-оқытушылар құрамының ғылыми біліктілігін арттыруға әсерін тигізетіндігін атап өтті.
Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі Сәуле Бегалиева өз сөзінде шетелдік әріптестермен байланысты одан әрі қарай жандандыру үшін халықаралық ғылыми ортаны қалыптастыру конференцияның мақсаты екендігін айта келе, конференцияның төмендегідей негізгі міндеттерін атап өтті: - Қатысушыларға өздерінің әлеуетін көрсетіп, оны жүзеге асыра алуларына мүмкіндік жасау; - Тәжірибе алмасу; - Халықаралық байланыстарды нығайту, ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар орнату.
Конференция қатысушыларына арнап Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор РҚА корреспондент мүшесі Алексей Лубков құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол конференция ұйымдастырушылыарына алғыс айта келе, ММПУ-гі Абай, Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы А.Ф.Лосев ғылыми және мәдени орталықтарының шеңберінде бірлесе ұйымдастырылып отырғандығын атап өтті.
Алексей Лубковтың айтуы бойынша «XXI ғасырдағы тіл және мәдениет» халықаралық онлайн-конференциясы әртүрлі бағыттарда бірлескен жемісті жұмыстар жасауға жаңа серпін береді.
Конференция қатысушыларына арнап сөз сөйлегендер: - Чернышева Е. Г., Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті филология институтының директоры, орыс классикалық әдебиеті кафкедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, доцент Латфуллина Л.Г. ; - Воробьев В. В., филология ғылымдарының докторы, профессор, РУДН заң институты орыс тілі кафедрасының мегерішісі, Сапожников П. В., ДПО бойынша РУДН ФРЯиОД деканының меңгерушісі, РУДН мигранттарды білім алуға даярлау мектебінің директоры, Овчаренко А. Ю., филология ғылымдарының кандидаты, РУДН заң институты орыс тілі кафедрасының профессоры; - Панченко М.С., «Балашиха қалалақ округінің муниципальды бюджеттік жалпы білім беретін мекемесінің» «№ 11 Гимназия» (Ресей, Балашиха қ.о.), Никитина С. А., ғылыми жұмыстар бойынша директордың орныбасары, филология ғылымдарының кандидаты, профессор.
Конференция жұмысы 5 секция бойынша жүргізілді: Секция 1. Теориялық және қолданбалы тіл білімінің өзекті мәселелері. Секция 2. Лингводидактиканың өзекті мәселелері және оқыту әдістемесі. Секция 3. Мәдениет пен тілді пән аралық зерттеу. Секция 4. Ұлттық тілдердің лингвомәдени аспектілері. Секция 5. Әдебиеттанудың өзекті мәселелері және әдебиетті оқыту әдістемесі.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.
Конференция барысында оқылған баяндамаларда «XXI ғасырдағы тіл және мәдениет» тақырыбының әртүрлі аспектілері қарастырылды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|