қазақша · русский · english
   
26.04.2019

Мен өмірдің мағынасын қалай түсінемін

 

2019 жылдың 25 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Өмір мәнінің психологиялық мәселелері және акме» XXIV Халықаралық симпозиумының Үшінші қазақстандық жастар секциясының жеңімпаздарын құттықтау салтанаты өтті.

 

Аталмыш шараға Алматы қаласындағы Өзбекстанның Бас елшісі Абрар Фатхуллаев, ғылыми істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, Өзбекстан жастар одағының мүшелері, шетел азаматтарына арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің деканы Ғалия Таубаева, шетелдік азаматтарға арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі Сәуле Бегалиева, Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары мен симпозиумға қатысушылар қатысты.

 

Ду Тяню «Өмір мәнінің психологиялық мәселелері және акме» XXIV Халықаралық симпозиумының Үшінші қазақстандық жастар секциясында «Мен өмірдің мәнін қалай түсінемін» тақырыбында баяндама жасады («РАҚ Психология институты» Мәскеу). Тыңдаушы баяндамасына 1-ші дәрежелі диплом берілді. Ду Тянюды дайындаған ғылыми жетекшілер: шетелдік азаматтарға арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының доценті Виталия Казабеева, шетелдік азаматтарға арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының аға оқытушысы Ляйля Мамытбекова.

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу