қазақша · русский · english
   
03.05.2019

Тыңдаушылар мен оқытушылар арасында «Академиялық адалдық» Кодексін талқылау

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ЖОО дейінгі дайындық бөлімінің оқытушылары мен тыңдаушылары арасында «Академиялық адалдық» Кодексі талқыланды. Талқылау барысында академиялық нормалардың бұзылуына әкеліп соғатын мәселелер қарастырылды. Профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары арасында академиялық адалдық саясатын қалыптастырудың және оны жүзеге асырудың түрлі жолдары түсіндірілді.

 

Факультет деканы Ғалия Таубаева академиялық адалдық кодексінің мақсат міндеттері туралы баяндама жасады. Тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу