Негізгі бет
Жаңалықтар
13.04.2022 «Жастар. Ғылым. Кәсіби даму» тақырыбында поляк ғалымдарымен ашық диалог
2022 жылдың 12 сәуірінде Филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында «Жастар. Ғылым. Кәсіби даму» М.Пономаренко, Ю. Серебрянский, И. Смирнов - поляк ғалымдары, - Абай атындағы ҚазҰПУ түлектерінің қатысуымен Ашық диалог шарасы өтті.
Қазақстанда белгілі жазушы Юрий Серебрянский - социолингвистика мәселелерін зерттейтін Вармин-Мазур университетінің докторанты. Славистика саласындағы гуманитарлық ғылымдар кандидаты Иван Смирнов Лодзь университетінде сабақ береді және салыстырмалы тіл білімі мәселелерімен айналысады. PhD докторы, әдебиеттанушы Максим Пономаренко Слупск қаласының Помор академиясының неофилология институтында сабақ беріп қана қоймай, сонымен қатар өз университетіндегі Абай атындағы Қазақ ғылымы мен мәдениеті орталығының үйлестірушісі болып табылады.
Жас ғалымдар ғылымға деген өз жолдары туралы айтып, олардың әрқайсысының ғылыми мансабының басталуы Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасымен байланысты екенін атап өтті. Студенттердің, магистранттардың және оқытушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, біздің поляк әріптестеріміз белгілі бір ақиқатты растады: кім еңбектеніп, алға қойған мақсаттарына қол жеткізе алса, ол міндетті түрде табысқа жететіндігі жайлы еске салды.
|