Негізгі бет /
Хабарландыру
06.11.2019 Құрметті «Болашақ» бағдарламасының түлектері! Сіздерді берік отбасы құру туралы жылдың ең басты іс-шарасы - Отбасылық форумға шақырамыз!
Форумның басты мақсаты - қатысушыларды отбасылық салт-дәстүрді қайта жаңғыртуға шабыттандыру, жанұя қағидаларын ұстануға шақырту және ата-аналардың зейінін балаларды рухани жетілдіруге бағыттау болып табылады.
Өзіңіз армандаған әулет құру қаншалықты оңай екенін форумның басты тақырыптарынан біле аласыз: #МЫНЕРУГАЕМДЕТЕЙ; «Тиімділігі жоғары отбасылардың тұрақты 7 дағдылары»; «Перзентіңізге өнегелі тәрбие беру: digital ұрпақтың шынайы бағбаны болу жолдары»; «Жанұядағы ынтымақтықты сақтай отырып, алға ұмтылған заманда тиімділігі жоғары отбасы болу қиын ба?»
Форум спикерлері 1. Дана Орманбаева, бизнес әкімшілендіру докторы, журналист, қоғам қайраткері, #МЫНЕРУГАЕМДЕТЕЙ жобасының авторы. 2. Асхат Абжанов, «Жаңа Ұрпақ» көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы. 3. Нұрдана Күлбаева, FranklinCovey Qazaqstan компаниясының тең құрылтайшысы. С. Кови бағдарламасы бойынша сертификатталған жаттықтырушы. 4. Алтынай Бижігітова, «Алақай» балалар Даму Академиясының негізін қалаушы». 5. Ләззат Молдахмет, Helen Doron ағылшын тілі мектебінің директоры. 6. Гүлзат Аймұханбетова, «ЭИ балалар» Эмоциялық Интеллектін дамытудың Алматы қаласындағы бірінші орталықтың негізін қалаушы». 7. Юлия Рудяга, «Радость моя» балалар орталығының, Rikki Tikki Tavi және «Солнышко» балабақшасының жетекшісі, 4 жастағы балаларға арналған «Умный ёжик» оқу-әдістемелік кешенінің авторы». 8. Александр және Екатерина Репринцевтер, «Жанұя» Халықаралық отбасы мектебінің ұйымдастырушылары, отбасылық қарым-қатынас бойынша кеңесшілер.
Өткізу күні мен уақыты: 16 қараша 2019 ж., 09:00 - 14:00 сағ. Өткізу орны: Алматы қ., «Атриум» залы, Розыбакиев к-сі, 227 Ұйымдастырушы: «Болашақ» Қауымдастығы Серіктестер: AlmaU Толығырақ ақпарат алу үшін: https://familyforum.kz «Болашақ» Қауымдастығының мүшелері үшін 11.11.2019 ж. дейін осы сілтеме арқылы https://assotsiatsiya-bolashak.timepad.ru/event/1110044/ алдын ала тіркелген жағдайда кіру тегін.
Ғылым департаменті |