қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.04.2022

Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған дәріс

2022 жылдың 20 сәуірінде Абай университетінде аты аңызға айналған әнші, Қазақстан және КСРО халық әртісі Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Қазақ ән әлемінің падишасы» атты тарихи-танымдық дәрісі өтті.

 

Іс-шараны әлеуметтік даму жөніндегі проректор Нұрланов Шыңғыс жүргізді. Дәріс қонақтары - Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Актерлік шеберлік» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты - Тұрсынхан Қашағанова, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Музыкатану бөлімінің меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, кауымдастырылған профессор - Айнұр Қазтуғанова, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының аға оқытушысы, Қазақконцерт өнер бірлестігінің әншісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, домбырашы - Нұржан Жанпейісов.

 

Онлайн форматта өткен шараға Роза Бағланованың келіні, «Алтын сақа» қорының президенті - Марал Бағланова қатысты.