қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.04.2022

«Great discoveries of Chemistry and Biology» интеллектуалдық сайыс

 

2022 жылдың 19 сәуірінде «Ғылым декадасы-2022» аясындағы Жаратылыстану және география институты «Практикалық ағылшын тілі» пәнінің оқытушысы Қарлығаш Алтынбаеваның ұйымдастыруымен «6В01512 - Биология» мамандығының 1 курс студенттер арасында «Химия мен биологияның ұлы жаңалықтары» интеллектуалды сайысы өткізілді.

 

Әділ-қазылар мүшелері - Жаратылыстану және география институтының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов, практикалық ағылшын тілі кафедрасының аға оқытушысы Гульсая Хайрлаева, «Химия» пәнінің оқытушысы Асем Узакова өз әділ бағаларын берді. Сайыс 3 кезеңнен тұрды: 1) Презентацияны ағылшын тілінде қорғау сайысы; 2) Сұрақтарға жауап беру; 3) Постер қорғау (химия мен биологияның заманауи жаңалықтарын постерге түсіру).