қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.12.2011

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында республикалық қоғамдық-саяси «Президент және халық» газеті мен «Уақыт таңдауы - Выбор времени» агенттігінің бірлескен жобасы бойынша жылдық үздіктері анықталды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор Серік Жайлауұлы Пірәлиев «Жылдың ең үздік ректоры» атанды.
Серік Жайлауұлы Пірәлиев Болон конвенциясының талаптарыңа сәйкес өзі басқаратын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті құрылымына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Алдымен білім беру стандарттарын жетілдіру мақсатымен «Білім мазмұны және жаңартпа технологиялар» ғылыми-зерттеу институтын ашты. Институт ғалымдары оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының тиянықты түрде сараптамадан ткізіп, өз ұсыныстарын беруде. Білімнің мазмұнын жаңа ғылыми жетістіктермен байыту үшін «Психология», «Әдебиеттану және тіл білімі», «Қолданбалы физика және математика», «Ақпараттық технология» институттары мен «География және экология», «Этнокөркеммәдениет» ғылыми-зерттеу орталықтары ашылды. Бүгінде бұл құрылымдар білім мен ғылымның арасын жақындатып, ұштастырып, оларды интеграциялау процесінде үлкен рөл атқарып келеді.
Университеттің оқу үрдісіне инновациялық технологияны кеңінен тартуға көңіл бөлінді. Серік Пірәлиев бұл саладағы ең негізгі инновациялық үрдіс ол әлемнің алдыңғы қатарлы елдеріндегі сияқты кредиттік оқыту жүйесіне көшу мәселесіне ерекше көңіл аударып, қыруар жұмыстардың атқарылуына мұрындық болды.
Білім беру сапасының бір кепілі, ол оқу орындарының материалдық- техникалық жағдайына байланысты екені бұрыннан белгілі. С.Пірілиевтің тікелей бақылауымен кейінгі 30-40 жыл бойы жаңғыртылмаған зертханалық құрал-жабдықтар қазіргі заманауи лабораториялық жабдықтармен жаңғыртылды. Осының арқасында университеттегі физика, химия т.б. зертханалар түлеп шыға келді. Компьютерлік сыныптар да жаңа техникалармен жабдықталып, негізгі дәрісханалар интерактивті тақталармен қамтамасыз етілді. С.Ж.Пірәливтің бастамасымен университетте «Шағын комплектілі мектептерге көмек» деп аталатын жоба жүзеге асырылуда.
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдеріндегі сияқты, көпсатылы оқу жүйесіне көшуге байланысты, Серік Пірәлиевтің табандылығының арқасында елімізде ең алғашқы болып университетте магистратура және PhD докторантура институты құрылып, жұмыс істей бастады.
Ректор С.Пірәлиевтің тың ұсынысымен университеттегі тәрбие жұмысы сапалық тұрғыдан жаңа тәлімгерлік жүйеге көшірілді. Бұл жүйе бойынша ректордан бастап қатардағы оқытушыға дейіи әрқайсысына 10 студенттен бөлініп беріледі де, олардың ендігі жердегі оқу үлгерімі, тыныс-тіршілігі, тұрмысы бәрі тәлімгердің назарында болады.
Серік Жайлауұлы Пірәлиев Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 2008 жылдан бері басшылық етіп келеді. Ол белгілі ғалым, химия ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы. профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының құрметті академигі, Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар академиясы бөлімшесінің төрағасы, жоғары мектептің көрнекті ұйымдастырушыларының бірі.