қазақша · русский · english
 
 
 
05.12.2022

«Тәуелсіздік - тұмарым, Бәйтерегім - шырағым» тәрбиелік іс-шара

 

2022 жылғы 2 желтоқсанда педагогика кафедрасының оқытушысы А.Е. Жекееваның жетекшілігімен 2 курстың педагогикалық практикасы аясында «Тәуелсіздік - тұмарым, Бәйтерегім - шырағым» тақырыбында Тәуелсіздік күніне арналған тәрбиелік қойылымдық іс-шара өткізді.


Іс - шараға «6B01703-Шет тілі:екі шет тілі» мамандығының 6 топ студенттері қатысты. Қазылар алқасының құрамына аға оқытушылар Асилбаева Ф. Б., Танатова А. Д., педагогика кафедрасының тағылымдамашысы Юлдашев Э.С. (Өзбекстан Республикасы) және онлайн форматта педагогика кафедрасының меңгерушісі Колумбаева Ш. Ж. қатысты.


Қойылымдық іс-шарада студенттер кәсіби-педагогикалық дағдылар мен дағдылардың құрамдас бөлігі болып табылатын патриоттық қасиеттерді, актерлік қабілеттер мен дағдыларды, шығармашылық қабілеттерді көрсетті.


Қонақтар мен көрермендер тәрбиелік қойылымдық іс-шара жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

 




Кері оралу