қазақша · русский · english
 
 
 
19.12.2022

Абай университетінің магистранттары ғылыми пікірталас өткізді

 

2022 жылдың 17 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде онлайн форматта «Білім беруді ізгілендіру: миф немесе шындық» ғылыми пікірталас (халықаралық ғылыми-тжірибелік конференция) өтті. Модераторлар - «7М01103 - Педагогика және психология: Білім берудегі менеджмент» мамандығының 2 курс магистранттары.


Ғылыми іс-шара «Bilim zhane Bolashak» халықаралық ғылыми - білім беру жобасы аясында өтті, авторы және ұйымдастырушы - «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Сауле Исалиева.


Ғылыми пікірталасқа Алматы, Астана, Қостанай, Тараз қалаларының, Алматы және Қарағанды облыстарының, сондай-ақ Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті, Қоқанд педагогикалық институты, НИУ ВШЭ, Красноярск педагогикалық колледжінің мектеп және ЖОО өкілдері қатысты.


Магистранттардың ұйымдастыруға шығармашылық көзқарасы, спикерлердің топтық жұмысы және аудиторияның белсенділігі, интерактивті сауалнамалар, үздік командаға қатысушылардың онлайн дауыс беруі, кері байланыс және шараның ерекше форматы шетелдік қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу