қазақша · русский · english
 
 
 
31.03.2023

Педагогика және психология кафедрасындағы Наурыз мерекесі


2023 жылғы 29 наурызда Педагогика және психология институтының педагогика және психология кафедрасы ұлттық тәрбие негізінде «6В01101 - Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенттерінің, эдвайзерлері Сама Сүлейменнің ұйымдастыруымен «Армысың, Әз- Наурыз!» мерекелік іс-шарасын өткізді.


Іс-шараға кафедраның студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы белсене қатысты. Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Айгерім Көшербаева мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Студенттер қазақша би билеп, ұлттық дәстүріміздің атаулары бойынша сұрақтарды талдап, наурыз көже ұсынды. Профессор Тұрсынбек Баймолдаев ақсақал ретінде дәстүр бойынша 2 курс докторанты Құрманғазы Еркінұлының иығына ұлттық шапан жауып, жастарға ақ батасын беріп, шараны қорытындылады.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу