қазақша · русский · english
 
 
 
30.11.2023

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері пәнаралық онлайн сабаққа қатысты

 

2023 жылдың 29 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ «Психология әліппесі: студенттен студентке» халықаралық білім беру марафоны басталды, оған университетіміздің «Педагогика және психология» мамандығының 1-2 курс студенттері, Самарканд мемлекеттік университетінің 4 курс студенттері және Тынық мұхиты мемлекеттік университетінің өкілдері қатысты.

 

Алғашқы кездесуде қатысушылар өз университтері туралы айтты, содан кейін өзбек студенттері «Мінез психологиясы» интерактивті дәрісін оқыды.

 

Бірлескен сабақ оқу жылында өткізілетін халықаралық онлайн сабақтар марафоны аясында өтті. Сабақтар тек студенттерге емес, Қазақстан және Өзбекстан мектептерінің мұғалімдеріне де жоспарланған, бұл жақсы дәстүрге айналып, өзара ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі.

 

Марафон модераторлары - Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Исалиева Сауле, Самарканд мемлекеттік университетінің психология кафедрасының профессоры Федосенко Екатерина.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу